ШҚО ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРІ ҒҰСМАН ҚОСАНОВ МЕМОРИАЛЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 маусым мен 1 шілде аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан «World Athletics Continental Tour Bronze Level» сериясына кіретін дәстүрлі ХХХV Ғұсман Қосанов атындағы халықаралық турнир өтті. Айтулы бәсекеде Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және тағы басқа елдердің ең мықты жеңіл атлеттері бақ сынады. Дүбірлі халықаралық додада Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша ШҚО спортшыларының нәтижелері келесідей:

  • Ефим Тарасов — 400 метрге жүгіру бағдарламасы бойынша алтын медаль еншілеп, халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды;

  • Эльнор Мұхитдинов — 400 метрге жүгіру сайысында жоғары дайындық көрсетіп, қола медальға ие болды;

  • Арина Гладышева — 5000 метрге жүгірудің стайерлік қашықтығында мәре сызығын үшінші болып қиып, қола жүлдегер атанды.

Спортшыларымыздың бұл жетістігі — оқу-жаттығу жиындарындағы тынымсыз еңбек пен А.Г. Подкорытов, Т.И. Подкорытова және Т.А. Назарова сынды облыстың білікті жаттықтырушы-оқытушыларының кәсібилігінің жемісі.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жүлдегер атанған жеңіл атлеттерімізді және олардың жаттықтырушыларын халықаралық аренадағы жарқын табысымен шын жүректен құттықтайды! Жеңімпаздарға алдағы уақытта да жүгіру жолында қажымас қайрат, мықты денсаулық және халықаралық ірі додаларда жаңа рекордтар мен алтын биіктерді бағындыра беруді тілейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1257157?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version