ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ АЙНҰР ИСАБЕКОВА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН БАСПАСӨЗ БРИФИНГІН ӨТКІЗДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы әділет департаментінің басшысы айнұр исабекова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді.

Шымкент қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады. Баспасөз брифингінде маңызды жаңашылдықтар мен атқарылған жұмыстар айтылды.

Басты жаңалықтар:

Адвокатура институты: Конституциялық өзгерістерге сәйкес, адвокатура институты Конституция деңгейінде бекітілді. Бұл азаматтардың заң көмегін алуын жеңілдетіп, сот және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттырмақ.

Зияткерлік меншікті қорғау: Ата Заңымызда әркімнің шығармашылық еңбегін қорғауға кепілдік беретін жаңа норма енгізілді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде:

– 24 әкімшілік іс қозғалды;

– 2,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды;

– Құны 6,1 млн теңге болатын 2 092 дана контрафактілік өнім тәркіленді.

Атқарушылық іс жүргізу: Жиында азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған атқарушылық іс жүргізу жүйесін жетілдіру шаралары да түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1255701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version