ШЫМКЕНТТЕ АВТОРЛАР МЕН ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІЛЕР ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Авторлар мен құқық иеленушілер зияткерлік меншік саласына қосқан үлесі үшін марапатталды.

Шымкент қаласының Әділет департаментінде авторлар мен құқық иеленушілерді марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында мәдениет, шығармашылық және зияткерлік меншік саласын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамоталары табыс етілді.

Марапаттарды Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова табыстап, авторлық құқықты қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Бүгінде Әділет министрлігі авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау тетіктерін жетілдіру, құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін дамыту, сондай-ақ заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл шаралар авторлар мен құқық иеленушілердің заңды мүдделерін қорғауға, авторлық сыйақыларды бөлу процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1255696?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version