Шымкентте «Жастар таңдауы – есірткісіз өмір» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне» арналған профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, волонтерлар және қала тұрғындары қатысты.

Негізгі мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы түсіндіру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу.

Іс-шара аясында түрлі спорттық, шығармашылық және танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.

Сонымен қатар, қала аумағындағы есірткіні жарнамалайтын граффити жазбаларын анықтау және жою жұмыстарына белсенді қатысқан коммуналдық қызметкерлеріне қала прокурорының алғыс хаты табысталды.

Шара соңында қатысушылар жастарды есірткіден бас тартып, салауатты өмір салтын таңдауға шақырды.

 

 

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1256779?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version