жоба
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 14-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) аудан аумағында пайдалану (орнату, орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау».
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
әкімі Р. Смағұлов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-sayasat/press/news/details/1255503?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау