Созақ аудандық мәслихаты округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы
ХАБАРЛАЙДЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты бір (1) округтік, үш (3) учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау учаскесіндегі сайлаушы санына байланысты құрылады.
Округтік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2028 жылдың 17 қаңтарына дейін.
Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 15 шілдеден бастап 13 тамызына дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
- электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
- тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынын үзінді көшірмесі;
- саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Өтініштің нысаны Созақ аудандық мәслихатының ресми сайтынан немесе аудандық мәслихат аппаратының №416 кабинетінен алуға болады.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссия құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы жартысынан астамы бір үйым қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатта ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Созақ аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №16 ғимаратында Саяси партиялардан өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан 2026 жылдың 13 тамызына дейін дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін.
Жауапты тұлға Уалиев Багдат Болатбекович, кабинет №416 қалааралық телефон коды (872546), қызметтік тел. 4-20-26, ұялы тел. 8-702-551-88-20, электрондық почта maslihat_sozak@mail.ru
Cозақ аудандық мәслихаты төмендегі бір округтік, үш учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды
|
қ/с |
Сайлау округінің, сайлау учаскесінің нөмірі |
Орналасқан жері |
Сайлау комиссия мүшелерінің саны |
|
1 |
№4 Мыңжылқы сайлау округі бойынша
|
Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы көшесі, №5 ғимараты, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Мыңжылқы” мәдениет сарайы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Шекарасы: №694 Мыңжылқы сайлау учаскесінің аумағы. |
1 |
|
2 |
694 |
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты. |
1 |
|
3 |
701 |
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ ауылы, Т.Момбеков көшесі №21, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
4 |
702
|
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Сызған ауылы, Мектеп көшесі №9А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Қ.Рүстемов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
|
1 |
Ескертпе: Сайлау комиссияларының құрамдарында өкілдері бар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер комиссиялар құрамдарына басқа өкілдер ұсына алмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1257031?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау