Бүгін Қостанай қаласында спорт түрлері бойынша жаттықтырушылармен және өңірдегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында соңғы уақытта қабылданған жаңартылған нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) түсіндіру және қолдану мәселелері бойынша ашық кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылармен талқыланған негізгі тақырыптардың бірі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 11 тамыздағы №159 «Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы» бұйрығын құқықтық қолдану мәселелері болды.
Басқарма мамандары спорттық жетістіктерге байланысты ай сайынғы ақшалай қамсыздандырудың белгіленген мөлшерлері, қаражатты есептеу қағидаларын іске асыру тетігі, сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушыларды ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алушылар тізіміне енгізу критерийлері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берді.
Іс-шара спорт саласының мамандары мен спортшыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға және бюджет қаражатының бөлінуінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1256561?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау