Субъектілермен медициналық цифрлық жүйелерді енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7 шілдеде Департаментпен «Семей медицина университеті» КеАҚ алаңында медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен аралас форматта медициналық цифрлық жүйелерді енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес қатысушыларына кіріспе сөзбен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департамент басшысы Ибраев Нұрланғазы Советқазыұлы сөйледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық цифрлық жүйенің міндетті түрде болуы бөлігінде Біліктілік талаптарына енгізілген толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын іске асыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша аумақтық департаментінің директоры 🔸Ахатова Маржан Ануарбекқызы🔸жүргізді.

Кеңес барысында 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін өзгерістер түсіндірілді. Аталған өзгерістерге сәйкес денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық цифрлық жүйенің болуы лицензиялау кезінде міндетті біліктілік талаптарының біріне айналады. Сондай-ақ қатысушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1256181?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version