Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарын талқылау жөніндегі мәжіліс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Абубакиров Бекзат Сейдуллаевич төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарын талқылау жөніндегі мәжіліске дербес бөлім басшылары,  аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, жауапты мамандар қатысты.
Жиында сөз алған аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас маманы Сартбаев Серғали  дербес бөлімдер мен ауыл әкімі аппаратында 2026 жылдың 14 мамыр мен 26 маусым аралығында қала әкімінің 2026 жылғы 04 мамырдағы №40 н/қ өкімі негізінде құрылған жұмысшы топпен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары бойынша баяндады.
Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Абубакиров Бекзат  мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайту  мемлекеттік басқару жүйесінің басты бағыты екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1255839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version