«Таза ауыл – біздің ортақ ісіміз» экологиялық акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Пригородное ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Таза ауыл – біздің ортақ ісіміз» экологиялық акция болып өтті.

Іс-шараның бастамашы мен ұйымдастырушы – Комаровское тау-кен кәсіпорны, Жітіқара ауданының әкімдігі және Жастар ресурстық орталығы.

Қатысушылар командалар құрып, атаулар мен экологиялық ұрандар ойлап тауып, содан кейін ауылдың көшелері мен қоғамдық аумақтарын тазалады.

Іс-шара барысында қатысушылар эко-викторина мен шығармашылық фотобайқауға қатысты, ал мерекелік көңіл-күйді аудандық мәдениет сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы айшықтай түсті.

Акция ауыл тұрғындарын, жастар мен еріктілерді ортақ мақсат төңірегіне біріктіріп, олардың өнегелі ісі арқылы туған жердің тазалығы мен көркеюі әрбір азаматтың жауапкершілігінен бастау алатынын айқын көрсетті. 

Осындай игі бастамалардың арқасында ауылдарымыз ажарланып, айнала тазарып, тұрғындар үшін жайлы әрі қолайлы өмір сүру ортасы қалыптасып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1255663?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version