Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Төлеби ауданында санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру бағытындағы сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Сенбілік барысында көшелер, саябақтар, скверлер, қоғамдық орындар мен жол жиектері қоқыстан тазартылып, арамшөптер шабылып, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында көріктендіру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Таза әрі көрікті қоршаған ортаны қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осыған орай аудан тұрғындарын туған өлкенің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және сенбілік жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау