«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Белов ауылдық округінде елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Белов ауылдық округінде елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Округтің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қоғамдық аумақтарда, көше бойларында және ортақ пайдаланылатын орындарда шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар тазалықты сақтауға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға және өрт қаупінің алдын алуға бағытталған.
Белов ауылдық округі әкімінің аппараты экологиялық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін округ тұрғындары Игорь Дмитриевич Бирюков пен Эдуард Петрович Зоненшельдке, сондай-ақ қоқыс пен шабылған шөпті шығаруға арналған арнайы техниканы ұсынғаны үшін «Тюркин и СО» ЖШС басшылығына шынайы алғысын білдіреді. Бірлескен күш-жігердің арқасында біздің округіміз таза, көрікті әрі жайлы бола түсуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-beloye/press/news/details/1255877?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version