Техникалық регламенттердің талаптарын сақтау – өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтынушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарттарының бірі. Бұл ретте өнімге, сондай-ақ оны өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін техникалық регламенттердің рөлі ерекше.

Техникалық регламенттердің негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу.

Техникалық регламенттердің талаптарын сақтау өндірушілер мен импорттаушыларға белгіленген талаптарға сәйкес келетін қауіпсіз әрі сапалы өнімді айналымға шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, міндетті талаптарды орындау:

– тұтынушылар үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

– экологиялық талаптарды сақтауға;

– өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растауға;

– тұтынушылардың сенімін арттыруға және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді.

Техникалық регламенттердің талаптары электр техникалық бұйымдарға, тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, көлік құралдарына, парфюмериялық-косметикалық өнімдерге және басқа да өнім түрлеріне қолданылады.

Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:

– мемлекеттік бақылау – уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бақылау іс-шараларын жүргізеді және заңнамада көзделген шараларды қолданады;

– өндірістік бақылау – өндірушілер өндірістің барлық кезеңінде өнім сапасына өндірістік бақылау – өндірушілер өндірістің барлық кезеңінде өнім сапасына ішкі бақылауды қамтамасыз етеді;

– сәйкестікті бағалау – заңнамада көзделген жағдайларда өнім аккредиттелген зертханаларда сынақтан өткізіліп, сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өтеді.

Техникалық регламенттердің талаптарын сақтау кәсіпкерлік субъектілерінің заңмен белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың, өнім сапасын арттырудың және отандық өндірушілерге деген сенімді нығайтудың маңызды тетігі болып табылады.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне өнімді өндіру және өткізу кезінде техникалық регламенттердің міндетті талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Қауіпсіз әрі сапалы өнім – халық денсаулығының, тұтынушылар сенімінің және ел экономикасының тұрақты дамуының негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1257615?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version