Төрт аяқты құтқарушылар биіктікте жұмыс істеуді меңгеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кинологиялық қызметінің мамандары қызметтік иттермен кезекті оқу-жаттығу сабақтарын өткізді.

Жаттығу барысында төрт аяқты құтқарушылар арнайы жабдықтардың көмегімен жоғары көтерілу мен төмен түсу тәсілдерін, сондай-ақ күрделі жағдайларда әрекет етуді пысықтады. Мұндай жаттығулар иттердің төтенше жағдайларда тапсырмаларды сенімді орындауына және әртүрлі жұмыс жағдайларына жылдам бейімделуіне мүмкіндік береді.

Қызметтік иттер іздестіру-құтқару операцияларында маңызды рөл атқарады. Олар жоғалған адамдарды іздеуге, үйінді астында қалған зардап шеккендерді анықтауға және жетуі қиын жерлерде жұмыс жүргізуге тартылады.

Жаттығулар құтқарушылар мен олардың төрт аяқты серіктерінің кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған және тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1257566?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version