Тоғызқұдық ауылдық округінде модульдік ветеринариялық пункттің құрылысы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тоғызқұдық ауылдық округінде модульдік ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде

Тоғызқұдық ауылдық округінде қызметкерлерге арналған бөлмесі, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоршауы және ветеринариялық іс-шараларды қауіпсіз жүргізуге арналған малды бекіту құрылғысымен (раскол) жабдықталған модульдік ветеринариялық пунктті орнату жұмыстары басталды.

Модульдік ветеринариялық пункттерді орнату жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер ұйым – «Еңбек» ШЖҚ КМК.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инженерлік инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Нысанды орнату жұмыстарын аяқтап, модульдік ветеринариялық пунктті пайдалануға беру 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.

Аталған жобаны іске асыру ауылдық жерлердегі ветеринариялық инфрақұрылымды дамытуға және ауыл шаруашылығы жануарлары иелері үшін ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа ветеринариялық пункт ауыл шаруашылығы жануарларына сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуге, профилактикалық, диагностикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуге, ветеринариялық көмектің жеделдігін арттыруға, сондай-ақ ауылдық округтегі ветеринариялық-санитариялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Заманауи модульдік пункттің ашылуы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуының алдын алуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau-togyzkudyk/press/news/details/1255735?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version