Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының жай-күйімен танысып, жауапты сала басшыларымен көшпелі жиын өткізді.
Алдымен қала басшысы Әкімшілік-іскерлік орталығындағы Түркістан облысының құрылыс басқармасы тапсырысымен абаттандырылып, көгалдандырылған №13, 30, 32, 34 және 36 көшелердің жай-күйі бойынша аралады. Нысандардағы жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударылды.
Қазіргі таңда күннің аптап ыстығығында аллеяларлың суарылуы мен аталған көшелердегі арам шөптерді тазарту, көгалдар мен жасыл желектерді күтіп-баптау, қураған ағаштарды қалпына келтіру, жарық бағаналарын ретке келтіру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімі барлық анықталған кемшіліктерді толық жойып, нысандарды талапқа сай қалыпқа келтіргеннен кейін ғана қала теңгеріміне қабылдау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ жауапты мекемелерге барлық жұмыстарды осы айдың соңына дейін толық аяқтауды міндеттеді.
Сонымен қатар, Әкімшілік-іскерлік орталығындағы №30 көшеде орналасқан бау-бақша аумағын арам шөптерден толық тазарту, жасыл аймақты күтіп-ұстау жұмыстарын жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Көшпелі жиын барысында қала аумағындағы тазалық пен қоғамдық тәртіп мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әзімбек Пазылбекұлы жеке кәсіпкерлік нысандардың иелері мен жер пайдаланушылардың өздеріне тиесілі аумақтарды таза ұстап, абаттандыру қағидаларын қатаң сақтаудың маңызын атап өтті. Осы талаптарды орындамаған, рұқсатсыз қоқыс тастаған немесе санитарлық талаптарды бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұдан бөлек, «Жасыл Түркістан» КММ мен тазалыққа жауапты мекемелерге Әкімшілік-іскерлік орталығындағы көшелерді арам шөптерден тазарту, жол жиектерін ретке келтіру және санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыру тапсырылды.
Қала аумағында тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастырудың маңызды бағыты. Бұл жұмыстар қала басшысының тұрақты бақылауында болып, жауапты мекемелердің үйлесімді іс-қимылы арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1256040?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау