ТЖД-де заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң бөлімінің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер арасында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесуге шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ернар Жылысбаев қатысты. Ол қатысушыларға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген негізгі өзгерістер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелері туралы жан-жақты баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар заңнамадағы өзекті өзгерістер бойынша түсіндірмелер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылады. Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және қызметтік әдеп талаптарын сақтауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1257768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version