Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Ерболат Садырбаев жұмыс сапарымен Балқаш қаласындағы «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің Балқаш мыс балқыту зауытына барды.
Сапар барысында делегация кәсіпорынның қызметімен танысып, өндірістік цехтарды аралап, технологиялық үдерістерді және нысандағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын зерделеді. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен кеңес өткізіліп, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Ерболат Садырбаев қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін арттыру және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуді қамтамасыз ету мақсатында персоналды позициялау және іздестіру жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Мұндай жүйелер Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан қауіпті өндірістік нысандардағы бақылауды жаңғыртудың маңызды элементі ретінде қарастырылады.
Кездесу соңында вице-министр кеңеске қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша алдағы уақытта да сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1257382?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау