Үлкен киноның тасасындағы дайындық: Алматыда халықаралық киножобаның қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлемге әйгілі актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанның Алматыға келуі қарсаңында Алматы қаласы Полиция Департаментінде халықаралық киножобаны жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол қозғалысын ұйымдастыруға, іс-шараларды сүйемелдеуге және түсірілімді ұйымдастырушылармен өзара іс-қимылды үйлестіруге жауапты қызметтер мен бөлімшелердің басшылары қатысты.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов әлемдік деңгейдегі киножобаның Алматыда түсірілуі қала үшін ғана емес, тұтас Қазақстан үшін де маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай ауқымды жобалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі құқық қорғау органдары жұмысының жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылуын талап етеді.

«Біздің басты міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сенімді қорғау және түсірілім жұмыстарының кедергісіз өтуіне барлық қажетті жағдайды жасау. Мұндай жобалар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді. Сондықтан әрбір қызмет үйлесімді, кәсіби және заң талаптарын қатаң сақтай отырып әрекет етуге тиіс», – деді Айдын Кабдулдинов.

Кеңес барысында түсірілім алаңдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жоба қатысушыларын сүйемелдеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен және түсірілімді ұйымдастырушылармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдері жан-жақты пысықталды.

Полиция Департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес күштер мен құралдарды жұмылдыру тәртібі, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені алдын ала айқындалды.

Қазіргі уақытта полиция бөлімшелері халықаралық түсірілім тобы мүшелерінің, Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді штаттық режимде орындауды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1257727?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version