Ақшатау кентінде халықтың жылқы жайылымы аумағында ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Жосабай жерінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ақмолит» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен бұрғыланып жатқан ұңғыма — қарапайым тұрғындардың сұранысына сәйкес жүзеге асырылып жатқан бірегей жобалардың бірі.
Аталған компания «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ құрамына кіреді. Ақшатау кенті тұрғындарының атынан көмек қолын созған компания басшысы А.Ш. Асқаровқа шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshatau/press/news/details/1256882?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау