Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді, қауіпсіз әрі ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерінің бірі. Жаппай иммундаудың арқасында адамзат табиғи шешек ауруын толық жойып, полиомиелит, дифтерия, қызылша, қызамық және бұрын миллиондаған адамның өмірін қиған өзге де қауіпті инфекциялардың таралуын айтарлықтай төмендете алды.
Вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі көпжылдық ғылыми зерттеулермен және әлемдік тәжірибемен дәлелденген. Вакцина ағзада инфекция қоздырғышымен кездескенге дейін иммунитет қалыптастырып, аурудың ауыр өтуінің, асқынулардың, мүгедектіктің және өлім-жітімнің алдын алуға мүмкіндік береді.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды иммундау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Уақтылы вакцина алу – өз денсаулығыңызды сақтауға, жақындарыңызды қорғауға және қоғамның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосылған маңызды үлес.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1256590?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау