Заңгер лауазымына орналасуға конкурс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік.

«KazAID» КЕАҚ заңгер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім дипломы болуы;
  2. Кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде талап-арыз жұмыстарын жүргізумен және мемлекеттік сатып алуларды құқықтық сүйемелдеумен байланысты практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасын (атап айтқанда, ҚР Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді) терең білуі;
  4. Процестік құжаттарды (талап-қою арыздарын, наразылықтарды, пікірлерді, шағымдарды) жасау, сот органдарында ұйымның мүдделерін білдіру, сондай-ақ ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларының болуы;
  5. Шарттар мен келісімдерге құқықтық сараптама жүргізу кезінде жоғары талдау дағдылары, орындаушылық тәртібі және егжей-тегжейге назар аудару қабілеті болуы;
  6. Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.

Кандидаттардан түйіндемелерді қабылдаудың соңғы мерзімі: – 01.08.2026 ж.

Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: – office@kazaid.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1257146?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version