Жалған ақпарат пен қауесеттерге қарсы іс-қимылдың заманауи әдістері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24–25 маусым күндері Алматы қаласында Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының базасында денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік тыңдау және қауесеттерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған екі күндік тренинг өтті.

Тренингке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараға Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Неили Муликова қатысып, әлеуметтік тыңдау, тәуекелдік коммуникация, қауесеттер мен жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ халықпен тиімді ақпараттық байланыс орнату бағытындағы білімін жетілдірді.

Тренинг барысында қатысушылар фактчекинг құралдарын меңгеріп, дағдарыстық коммуникация тәсілдерін тәжірибе жүзінде пысықтады, ақпараттық қатерлерге ден қоюдың тиімді әдістерімен танысты.

Оқыту MediaNet халықаралық журналистика орталығының сарапшылары мен EpiC Kazakhstan (FHI 360) жобасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1255612?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version