-
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Асан Сапарбекулы Маткаримов 1980 жылы 5 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясында білім алған. Мамандығы –құқықтану. 2025 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім алған. Мамандығы – құқықтану, заң ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын құқық қорғау органдары жүйесінде бастаған.
2001-2002 жж.Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушысы;
2002-2004 жж.Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасыПетропавл қаласы прокурорының көмекшісі;
2004-2005 жж. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Қызылжар ауданы прокурорының көмекшісі;
2005-2006 жж.Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі;
2006-2008жж. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы Талдықорған қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры;
2008-2009 жж.Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау тобының аға прокуроры;
21.08.2009-06.11.2009 жж.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Алматы облысы бойынша басқармасының тұлғалардың өтініштерін және мемлекеттік басқару органдарының тексерулерін есепке алуды бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы;
2009-2010 жж.Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Атырау облысы бойынша басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің бастығы;
2010-2013 жж.Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары;
2013-2016 жж.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары;
2016-2019 жж.Алматы қаласы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы;28.01.2019-14.10.2019 жж.Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары;
2020-2026 жж.Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы;
19.06.2026-24.06.2026 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Абай облысының Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманыміндетін атқарушысы;
25.06.2026-08.07.2026 жж.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Абай облысының Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы;
2026 жылдың 13 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқаруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1257335?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау