Жамбыл облысының прокурорлары 7 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуалы ауданы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды (ӘМТӨ) өндірушілерден электр энергиясы үшін жоғары тариф бойынша ақы алу фактілері анықталды.

Мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес ӘМТӨ өндірушілері электр энергиясының құнын жеңілдетілген бағамен төлеуі тиіс.

Алайда, жыл басынан бері 7 ӘМТӨ өндірушісі электр энергиясының 1 кВт/сағ үшін жеңілдетілген 35,12 теңгенің орнына 38,44 теңге төлегені анықталды.

Осылайша, кәсіпкерлер мемлекет көздеген жеңілдіктерді толық көлемде ала алмаған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, 2026 жылдың өткен кезеңінде прокурорлар 7,7 мыңнан астам кәсіпкердің, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғады.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде бақылаушы органдар тарапынан 51 бизнес субъектісіне қатысты негізсіз тексерулердің жүргізілуіне жол берілмеді.

23 лауазымды тұлға кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Облыс әкімдігінің Жер ресурстарын басқару басқармасы тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру жөніндегі конкурстарды өткізу кезінде келісу рәсімдерін негізсіз талап ету тәжірибесіне тосқауыл қойылды.

Егер Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, +7 (775) 891-25-52 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1255675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version