«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»

республикалық байқауының

облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының аудандық кезеңін (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жеңімпаздарды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
  2. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыру, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру.

Байқауды ұйымдастырушы – «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Контактные телефоны: 8 (7154) 22-11-45, 87029266653.

 

  1. Байқауға қатысу тәртібі

 

  1. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
  2. Байқауға қатысушылар:

1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:

1) тауар өндіруші:

– өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;

– ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;

2) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.

  1. Байқауға соңғы 3 жылда бас жүлде және бірінші орын алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
  2. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы:

– 15 шілдеге дейін бөлімге тапсырылуы қажет;

– ұсынылған жұмыстар санына (20 жұмыстан артық емес) және сапасына қарай.

Почта: ualovp@mail.kz

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ovp/press/news/details/1255873?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version