Жетісу облысының құрылыс басқармасында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Жетісу облысының құрылыс басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кездесу өткізді.

         Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, қызметтік әдеп пен тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мәселелері қарастырылды.

         Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тетіктері, заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жоғары құқықтық сананы қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

        Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының негізгі жаңашылдықтары таныстырылды.

        Кездесу қорытындысында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-stroi/press/news/details/1256350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version