«Жібек жолы» өткізу пунктіндегі қайта жаңғырту жұмыстары бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жібек жолы» өткізу пунктіндегі қайта жаңғырту жұмыстары бақылауда 2026 жылғы 8 шілдеде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ж. Дүйсембиев, Түркістан облысының әкімі Н. Күшеров және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы М. Нұрахаев Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.  Жоба аяқталғаннан кейін өткізу пунктінің тәуліктік өткізу мүмкіндігі: 70 000 адамға дейін;  2 000 жеңіл автокөлікке дейін; 200 автобусқа дейін. Қазіргі таңда нысанда екі заманауи жолаушылар терминалы салынып, кедендік және шекаралық бақылауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар, бейнебақылау жүйелері мен көлік құралдарын тексеруге арналған арнайы шатыр орнатылуда.  Құрылыс алаңында 270 жұмысшы екі ауысымда еңбек етуде. Жұмыс сапасы мен құрылыс кестесінің сақталуы тұрақты бақылауда. «Жібек жолы» өткізу пунктін жаңғырту – мемлекеттік шекара инфрақұрылымын дамытуға, өткізу қабілетін арттыруға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жоба.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1255677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version