Қорғалжын-Сабынды автожолындағы “Қарасора” жедел – алдын алу іс-шарасы кезінде Қорғалжын ауданының полиция қызметкерлері ВАЗ-21103 автокөлігін тоқтатты. Багажды тексеру кезінде олар 100 литр дизель отынын тапты.
Полицейлер жанармайды қайдан алғаны туралы сұрағанда, жүргізуші жалдамалы жұмыс істейтін кәсіпорынның аумағынан ұрлап кеткенін бірден мойындады.
Алынған ақпарат тексеріліп, алдын-ала расталды. Жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгілену үстінде.
Полиция жұмыс берушінің жанармайын, құрылыс материалдарын, құралдарын немесе басқа мүлкін заңсыз иемдену қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін еске салады. Кәсіпорынның мүлкін “жасырып алып шығу” кез-келген әрекеті пайдамен емес, қылмыстық жауапкершілікпен аяқталуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1257397?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау