Zооm-конференциясы арқылы Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен өткен түсіндірме жиналысына бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметшілер және бөлімге қарасты қызметкерлер қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық нормалары, қызметтік тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындаудың маңыздылығы, заңнама талаптарын қатаң сақтау және азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын ұстану қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1256714?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау