Зоонозды тері лейшманиозы алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зоонозды  тері  лейшманиоз  –  бұл  трансмиссивтік, паразитарлық, табиғи – ошақтық аурулар. Ауру қоздырғышы – лейшмания  (Leishmania major)  –  тектес қарапайымдар паразиттер. Инфекцияның көзі жабайы кеміргіштер, негізінен үлкен құмтышқандар табиғи резервуар болып табылады. Таратушысы құмтышқандардың үсті, індерінде мекендейтін  үндемес масалар болып табылады. Тасымалдаушы – үндемес масалар – қаңсорғыш жәндіктер  Phlebotomus papatasi. Адам инфекция көзі бола алмайды. 

Ауру денеде дөңестен басталып, соңынан ол жараға айналады. Жараның беті тыртықтанып тартылып, адамның бетінде немесе дененің басқа да жерлерінде косметикалық кемістік пайда болады. Ересектер мен балалар зоонозды тері лейшманиозының қоздырғышына бірдей сезімтал.  Таралу мезгілі: шілде – қыркүйек,  жұқпа жұқтырған адамдар – тамыз  –  кыркүйек. Инкубациялық кезеңі 2-4 апта, адамнан адамға жұқпайды. Аурудың ұзақтығы  6  ай.  Аурудан  кейін адамда иммунитет дамиды (4 айдан соң тұрақты иммунитет пайда болады). Диспансерлік бақылау –  лейшманиоздың тері нысанымен ауырып сауыққан адамдарға   бір жыл бойы.

Түркістан облыстың  Шардара, Арыс және Отырар аудандрында зоонозды тері лейшманиозының табиғи ошақтары орналасып, адамдарға осы індетті жұқтыру қауіпін тудырады. Індетті мамыр – қыркүйек аралығында жұқтүруыңыз мүмкін, әсіресе шілде – қыркүйек айлары жұқтыру жағынан қауіпті, науқастар қыркүйек – қараша айларында тіркеледі. Тері зақымдануы (жара) анықталған жағдайда облыстық дермато – венерологиялық диспансердің дерматолог дәрігеріне жүгіну қажет.

Қосқанатты үндемес масалардың шабуылынан қорғану шараларын қолданып тері лейшманиоз індетін жұқтырудың алдын алуға болады. Бұл шаралар жәндіктерден қорғайтын репеллент пен масаханаларды қолданудан тұрады. Індетті таратушы қансоргыштер жәндікдің көбеймеуі үшін үйде, аулада тазалықты сақтау қажет, қоқысты нықтап жабылатын жәшікте сақтап.

Алдын алу мақсатында жыл сайын 3 км радиуста тері лейшманиозының табиғи ошағы елді мекендерінің айналасындағы кеміргіштерді дератизациялау және трактормен жырту арқылы олардың кеміргіштердің тесіктерін жою жүргізіледі. Табиғи ошақтарда профилактикалық  іс-шаралар –  үй-жайларда дезинсекция жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-turkestan/press/news/details/1257238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version