📢Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді. Онда әрбір азамат сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Сонымен қатар, сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін Sailau_Aqmo_bot Telegram-боты іске қосылды. Оның көмегімен сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруге және өз сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады.
Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосып, халықтың пікірін білдіретін өкілді органды қалыптастыруға атсалысу мүмкіндігі.
Барша Ақмола облысының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, ұсынылған сервистерді пайдаланып, 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!
 Сіздің дауысыңыз – ел болашағы үшін маңызды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1258159?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version