🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 15 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М.Ертаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Департаменттің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 15 шілде күні Түркістан қаласында орналасқан кәсіпкерлік субъектілерінде жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттердің еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шарасы (рейд) жүргізілді.
 
Іс шараға Департаменттің Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, мемлекеттік еңбек инспекторы Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы, Түркістан қалалық Полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Өндірбай Еркебұлан Бауыржанұлы және полиция лейтенанттары Тоқтасын Тұрсынбек Оңласынұлы мен Қайып Дінмұхаммед Серікұлы қатысты.
 
Рейд аясында 6 кәсіпкерлік субъекті қамтылды. Атап айтқанда:
– сауда нысандары – 2 («Дана» кіші супер маркеті, «Wedrink» балмұздақ сату дүңгіршегі);
– қоғамдық тамақтану орындары – 1 («Жұлдызай» кафесі);
– қызмет көрсету нысандары – 3 («ReStart» ойынханасы, «Venom» компьютерлік клубы).
 
Рейд барысында кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау тәртібі, еңбек шартын жасасу ерекшеліктері, жұмыс уақытының ұзақтығы, ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарға тартуға қойылатын шектеулер, сондай-ақ жас қызметкерлердің еңбек құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Департамент еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1258774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version