Қызылбалық ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық-санитарлық тазалық бағдарламасы аясында мәдениет үйі мен ауылдық емхананың қызметкерлері бірлесіп сенбілік жұмыстарын өткізді.
Сенбілік барысында мекеме аумақтары мен оған іргелес жерлер қоқыстан тазартылып, арамшөптер шабылып, айнала абаттандырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жердің көркеюіне үлес қосу.
Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әр тұрғынды тазалықты сақтауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1258445?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау