2026 жылғы 14 шілде күні Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына қарсы күрес және заңды нарықты дамыту» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Байғұт акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, акцизделетін өнімдердің заңсыз өндірісіне, сақталуына, тасымалдануына және өткізілуіне жол бермеу – мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар бюджет кірістерін арттыруға, адал кәсіпкерлікті қорғауға және нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруға бағытталған.
Брифинг барысында акцизделетін өнімдер айналымын бақылау тетіктері, заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау шаралары, сондай-ақ уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Алдағы уақытта да көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз айналымның жолын кесу бағытындағы жұмыстар күшейтіліп, құқық қорғау және бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар жүйелі түрде жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1258549?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау