2026 жылғы 15 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XХІX сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.

Қалалар мен аудандардың әкімдері сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимінде (LIVE) Интернет желісінде көрсетілді. Трансляцияға сілтемелер облыс әкімдігі мен мәслихатының сайттарында орналасқан.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының есебі.

Денис Сергеевич Рыпаков – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы.

2.Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келтіру бойынша қабылдап отырған шаралары туралы.

Қуат Барысұлы Оқасов – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы.

3.Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.

Мұрат Манарбекұлы Құсайынов – Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

4.Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Александр Михайлович Анчугин – тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

5.Әртүрлі мәселелер:

1) «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) «Шығыс Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/210-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

3) «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 20/165-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  2026-2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы;

5) «Шығыс Қазақстан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңестікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/381-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) «Толық бітіріп берілетін» құрылыс объктілерінің тізбесін бекіту турылы»;

7) Депутат Д.О.Сомов туралы.

 

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/SakNQKYpVmA

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1258316?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version