«24KZ» телеарнасының эфирінде еліміздегі сот білім беру жүйесіндегі жүйелі өзгерістер мен Сот төрелігі академиясының қазіргі қызметіне арналған «Заң бойынша» бағдарламасының арнайы шығарылымы көрсетілді
Бағдарламаның басты тақырыбы – Сот төрелігі академиясының Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілгеннен кейін жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар. Бүгінде жоғары білікті, құзыретті әрі тәуелсіз судьялар корпусын даярлау сот төрелігінің сапасын арттырудың және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Еске сала кетейік, Судьялардың IX съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларды сапалы іріктеу және олардың біліктілігін үздіксіз арттыру мәселелері ерекше бақылауда болуы тиіс екенін атап өткен болатын. Дәл осы стратегиялық міндет Сот төрелігі академиясының жаңартылған даму философиясының негізіне айналды.
2024 жылғы шілдеде Сот төрелігі академиясының Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілуі оқу орнының дамуындағы сапалық жаңа кезеңнің басталуына жол ашты.
Ведомстволық бағыныстылығының өзгеруі білім беру үдерісін сот жүйесінің нақты практикалық қажеттіліктерімен үйлестіруге мүмкіндік берді. Академия қызметінің негізгі басымдықтары ретінде білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, тәжірибеге бағдарланған оқытуды дамыту және сот жүйесінің кадрлық әлеуетін жүйелі түрде нығайту айқындалды.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы және тікелей қолдауының арқасында Сот төрелігі академиясында кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2025–2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру аясында магистратураның білім беру бағдарламалары жаңартылып, тәжірибеге бағдарланған оқытудың заманауи әдістері енгізілді, референдиат институты құрылды, алғаш рет «Құқық» бағыты бойынша докторанттарды даярлауға лицензия алынды, сондай-ақ судьялардың біліктілігін арттырудың жаңа тәсілдері қалыптастырылды.
Сот төрелігі академиясының ғылыми-зерттеу қызметі де жаңа серпін алды. Өз тарихында алғаш рет Академия ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден сәтті өтіп, гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға және құқық саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар Академияда білім беру үдерістерін терең цифрландыру, оқу инфрақұрылымын жаңғырту және оқытудың интерактивті форматтарын енгізу бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар судьялардың жаңа буынын қалыптастыруға, сот кадрларын даярлау жүйесін жаңғыртуға және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің кадрлық әлеуетін ұзақ мерзімді негізде нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1258157?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау