Абай облысында цифрландыру және байланыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында елді мекендерді сапалы интернетпен қамту, автомобиль жолдары бойындағы байланыс инфрақұрылымын дамыту, Алакөл жағалауындағы мобильді байланыс сапасын жақсарту, жасанды интеллект технологияларын енгізу және қоғамдық қауіпсіздікті цифрландыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Бүгінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында республикалық маңызы бар автожолдар бойына 40 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Алакөл жағалауында алғаш рет талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 150-ден астам демалыс орны интернетке қосылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында өңірде «Қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асырылуда. Алакөл жағалауында 224 интеллектуалды бейнекамера орнатылып, жағалауды Семей қаласынан бақылауға мүмкіндік жасалды.

Цифрлық білім беру бағытында Семей қаласындағы Оқушылар сарайында «Tomorrow School» жобасы іске асырылып жатыр. Сондай-ақ халықаралық «TUMO» білім беру орталығын ашу мәселесі пысықталуда. Бұл жобалар жастардың жасанды интеллект, бағдарламалау, робототехника және цифрлық шығармашылық салаларында білім алуына жаңа мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-digital/press/news/details/1257930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version