🔹 Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ордабасы ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын күшейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
🔹 Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясында Бадам ауылдық округінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.
🔹 Жиынға аудан әкімінің орынбасары Илияс Турнияз, Ордабасы ауданы прокурорының орынбасары Нұрмахан Елшібаев, Бадам ауылдық округінің әкімішілік қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
🔹 Кездесу барысында Бадам ауылдық округінің әкімі Нұрлан Байбахов «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
🔹 Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз пилоттық жобаның басты мақсаты – тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
🔹 Сондай-ақ аудан прокурорының орынбасары Нұрмахан Елшібаев «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығына тоқталып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтудің қажеттігін жеткізді.
🔹 Кездесу барысында тұрғындар пилоттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пікір алмасып, өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Қоғамдық қауіпсіздік, заңдылықты сақтау, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және ауылдағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.
🔹 Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1258656?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау