Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты жазғы фестиваль өтеді
25 шілде күні Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Ақши ауылында, Алакөл көлінің жағалауында «Алакөл толқыны» жазғы фестивалі ұйымдастырылады.
Фестиваль қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, DJ-сет, жағалаудағы би кеші, ходулистердің, тірі мүсіндер мен алып қуыршақтардың шоуы ұсынылады. Сонымен қатар түрлі интерактивті ойындар, байқаулар мен флешмобтар өткізіледі.
Кеш соңына қарай Алакөл аспанын нұрға бөлейтін мерекелік отшашу болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алакөл толқыны» фестивалі – Алакөлдің табиғи сұлулығын, жазғы демалыс пен мәдени көңіл көтеру бағдарламасын ұштастыратын ерекше шара. Фестиваль демалушылар мен өңір тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаз маусымының жарқын оқиғаларының біріне айналмақ.
Өтетін орны: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы, Алакөл көлінің жағалауы.
Өтетін күні: 25 шілде 2026 жыл.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1258592?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау