Ақшұқыр ауылында жеке құраммен саптық жиын өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Ақшұқыр ауылында жеке құрамның қатысуымен саптық жиын өткізілді.

Жиын барысында қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты қатаң сақтау, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыру, қызметтік киім үлгісі мен арнайы құралдардың талапқа сай болуы, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер пысықталды.

Сонымен қатар қызметкерлерге атқарылатын міндеттер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, қызмет барысында заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Мұндай саптық жиындар полиция қызметкерлерінің қызметтік даярлығын нығайтуға, тәртіпті күшейтуге және халыққа сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1259218?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version