«Ақсу-Жабағылы – ғасырлық табиғат шежіресі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойы аясында табиғатты қорғау саласына өлшеусіз еңбек сіңірген ардагер қызметкерлерге арналған салтанатты құрмет көрсету рәсімі өтті.

Ғасырлық тарихы бар қорықтың әрбір жетістігінің артында табиғатты жан-тәнімен сүйген, өз ісіне адал жандардың маңдай тері мен қажырлы еңбегі жатыр. Олар ғылыми зерттеулердің дамуына, қорықтың табиғи байлығын сақтауға, жас мамандарды тәрбиелеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты.

Іс-шара барысында Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының директоры Сахит Жақсыбетұлы Қынтаев ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтап, табиғатты қорғау ісіне сіңірген көпжылдық еңбектері үшін мерейтойлық Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Ардагерлер атынан айтылған жүрекжарды лебіздер мен мерекелік музыкалық тартулар ғасырлық тарихтың сабақтастығын, ұрпақтар арасындағы құрмет пен бірлікті айшықтай түсті.

Құрметті ардагерлер!
Сіздердің адал еңбектеріңіз бен табиғатқа деген шексіз жанашырлықтарыңыз – Ақсу-Жабағылы қорығының ғасырлық шежіресінің ең қастерлі беттері. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!
Ақсу-Жабағылы қорығының 100 жылдығы құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1257982?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version