Ақтауда 18 шілде күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілмейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Кездесу» жанар-жағармай құю бекетінен 35-шағын ауданда орналасқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына дейінгі автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты 18 шілде күні 36-шағын аудандағы Көтерме сауда тарату базары аумағында ұйымдастырылатын жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі уақытша өткізілмейді.

Жол жөндеу жұмыстары 16–20 шілде аралығында жалғасады. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін жәрмеңке бұрынғы кестеге сәйкес әр сенбі сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындардан уақытша туындаған қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1259215?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version