Ақтауда демеркуризация жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласында демеркуризация жұмыстары басталды.
 
Жұмыс барысында құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдар, термометрлер, сондай-ақ сынабы бар басқа да аспаптар мен құралдар жиналып, арнайы талаптарға сәйкес залалсыздандырылып, жойылатын болады.
 
Қала аумағында мұндай қауіпті қалдықтарды қабылдауға арналған 27 арнайы контейнер орнатылған. Тұрғындар құрамында сынабы бар қалдықтарды осы контейнерлерге тапсыра алады.
 
– Құрметті қала тұрғындары! Сіздерден құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдар, термометрлер және өзге де қауіпті қалдықтарды арнайы белгіленген контейнерлерге тастауларыңызды сұраймыз. Демеркуризация жұмыстары қаламыздың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1258504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version