Ашық есік күні аясында азаматтарға ақпараттық буклеттер таратылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментінде Ашық есік күні аясында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Келушілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселелері бойынша ақпараттық буклеттер ұсынылды. Буклеттерде зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі, оларды тағайындауға қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ еңбек қызметін растайтын құжаттар болмаған немесе жоғалған жағдайда еңбек өтілін растау тәртібі туралы түсіндірмелер қамтылған.

Ақпараттық материалдарды тарату халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қолжетімді әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1258402?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version