Атырау облысында білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

    2026 жылғы 15–16 шілде күндері Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары 2026–2027 оқу жылына дайындық деңгейін зерделеу мақсатында бірқатар мемлекеттік білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізді. Мониторинг Атырау қаласы білім бөліміне қарасты «Жалпы білім беретін №21 Жамбыл атындағы орта мектеп» КММ, «Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ, сондай-ақ Қызылқоға ауданы білім бөліміне қарасты «Мұқыр орта мектебі» КММ және «Ығылман Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жан-жақты бағаланып, білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға талдау жүргізілді. Атап айтқанда, мониторинг барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жай-күйі, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілу деңгейі, педагог кадрларға қатысты бос лауазымдардың (вакансиялардың) болуы, сондай-ақ ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалу барысы мен олардың белгіленген мерзімде аяқталу мүмкіндігі зерделенді. Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық жүйелердің, интернет желісінің, оқу кабинеттерінің, спорт және акт залдарының, асханалардың, кітапханалардың, санитариялық тораптардың жаңа оқу жылына дайындығы зерделенді. Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер мен тәуекелдерге байланысты білім беру ұйымдарына оларды жоюға бағытталған тиісті ұсынымдар берілетін болады. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуы Департаменттің тұрақты бақылауында.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1258949?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version