Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері және прокуратура органдарының өкілдерінің қатысуымен «Оқушылар мен студенттердің еңбек құқықтарын қорғау» тақырыбында бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуы және жасөспірімдерді заңсыз еңбекке тартудың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ рейд барысында жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Қатысушылар жастардың еңбек құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілуі басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1258360?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау