Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылдық округінің Дамбы ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы толық аяқталды. Қазір нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құрылыс жұмыстары былтыр мамыр айында қайта жанданып, биыл маусым айында толық аяқталды. Жобаның бас мердігері – «Vek-Stroy-Com» ЖШС.
Төрт блоктан тұратын мектеп ғимаратының жалпы ауданы 7 618,3 шаршы метрді құрайды.
– Мектепте 22 оқу кабинеті бар. Оның ішінде екі шеберхана, екі мультимедиа кабинеті, екі лингафон кабинеті, екі информатика кабинеті, сондай-ақ биология, физика, химия және алғашқы әскери әрі технологиялық дайындық кабинеттері қарастырылған. Бұдан бөлек, спорт залы, асхана, кітапхана, акт залы, медициналық кабинет пен әкімшілік бөлмелері толық жабдықталған. Барлық оқу кабинеттері қажетті жиһаздармен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды, – деді мердігер мекеме өкілі Жәнібек Давлетов.
Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бүгінде Дамбы ауылындағы 800-ден астам оқушы 480 орындық Амангелді атындағы орта мектепте білім алып келеді.
– Жаңа мектептің ашылуы ауылдағы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, балалардың заман талабына сай қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба Дамбы ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін беретін маңызды нысандардың бірі болмақ, – деді Ермек Мәмбетова.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1259113?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау