АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
 
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов белгіленген кестеге сәйкес тұрғындарға өткізген кезекті қабылдауына келген азаматтар тұрғын үй, жер қатынастары, инфрақұрылым, ауыз су, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және өзге де жеке мәселелерін көтерді. Әрбір тұрғынның өтініш-тілегі мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Көтерілген мәселелердің бірқатары қабылдау барысында өз шешімін тапса, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты бөлім басшылары мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалу мерзімдері белгіленді.
 
Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті атқарушы органдар қызметінің басты назарында екенін атап өтіп, әрбір мәселенің заң талаптарына сәйкес қаралатынын жеткізді. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын айтты.
 
Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау тұрғындар мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беретін маңызды тетік болып табылады.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1258808?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version