Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылдың 20 шілдеде сағат 10-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс жетпісінші сессиясы шақырылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Целиноград ауданының ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы (Ақжар, Жанаесіл, Жарлыкөл, Қабанбай батыр, Қараөткел, Родина, Тасты).

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы. 

  1. «Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 180/25-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

 

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар:    (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru

 

 

Целиноград аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      Л. Конарбаева

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-celinograd/press/news/details/1258205?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version